"Тұлпар-Тальго" деген нені білдіреді?​

mikkie3 mikkie3    1   16.11.2020 18:25    0

Ответы
DanIEL982 DanIEL982  16.12.2020 18:27

Тұлпар» тальго жүрдек пойызы

2011 жылдан бері Қазақстанның Испания елімен біріге отырып шығарған жүрдек пойызы.

Плацкарт және купе болып бөлінеді. Бірақ плацкарттары да кабинкада орналасқан. Ал купелері тек екі-ақ адамға арналған. Әр кабинада төрт адам жатуға болатын төсек-орындар орналасқан. Ішінде салқындатқыш, Wi-Fi бар, 220 в қуат көзі де қамтамасыз етілген. Бір вагоны мейрамхана, бір вагоны бар ретінде құрастырылған. Орындықтары отыруға ыңғайлы әрі жинақы. Жүру жылдамдығы жоғары қарқынды ұстайтын, Батыс аймаққа бір жарым тәулік ішінде жетуге қауқары бар. Санаулы әрі ірі станцияларға ғана тоқтайтын пойыздың ерекшелігі де осында. Себебі әр үш немесе төрт сағат сайын ғана аялдайды.Ерекше стандартпен жасалған «Тұлпар» тальго жүрдек пойызының іші тым тар. Әжетханасы, жуынатын бөлмелері де, кабиналар да тар келеді. Еркін қозғалу мүмкін емес. Себебі барынша жинақы құрастырылған. Бағалары әр аймаққа байланысты бөлінеді. Айта кету керек, қарапайым пойызға қарағанда екі есе қымбатқа түседі.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме География