Напишите про климат в Казахстане


Напишите про климат в Казахстане

kolya14445 kolya14445    3   19.03.2021 18:38    0

Ответы
кика20051 кика20051  18.04.2021 18:40

Атырау

Климаты қатты континенталды, жазда құрғақ ,ыстық, ал қыста ылғал қармен сипатталатын салқындық. Жазы жауын-шашынсыз, құрғақ, ыстық ұзаққа созылады. Қыс мезгілінде қар аз жауып, суық болады.

Атырау қаласы ендігі 47, -07 С., ұзақтығы 51-53 болатын жазы ұзақ, қысы қысқа күндермен сипатталады.

Қаңтар айындағы орташа температура -60С-ден бастап -120С-ге дейін, ал шілде айындағы орташа температура +240С-ден бастап +260С-ге дейін. Ең төменгі температура -380С, ең жоғары температура +450С. Каспий теңізіне құйып, облыс орталығынан өтіп жатқан Жайық өзенінің арқасында ол жердегі температура судан алыс жердегі аудандардың температурасымен салыстырғанда төмен болып келеді. Жауын-шашын болар-болмас деңгейде, жылына орташа 150 мм, 200 мм шамасында болады. Жел бағыты қаңтар айында оңтүстік-шығыс бағытта болса, ал маусым айында батыс болады.

Атырау облысының топырақ жамылғысының құрылымы өзінің құрылу факторлары мен құрамының сан алуандығына байланысты өте күрделі болып келеді. Негізінен мұнда топырақ таралуының ендік зоналығы басым қалыптасқан. Теңізге жақындаған сайын топырақтың бір түрінің екінші түрге жиі ауысып отыруы байқалады. Облыс топырағының өзіне тән сипаты –оның геологиялық қалыптасу жасы мен тұз қоспаларының көп мөлшерде кездесуі.  

Өсімдігі:Барлық аудандарында дерлік ақ және қара жусанды-қияқты, бұйырғынды-ебелекті, мортықты, қоңырбасты-көкпекті шөптер жиынтығы басым өседі. Бұларға қосымша көктемде ойдым-ойдым ойыстарда, қазан шұңқырларда селеу, изен, сарсазан, итсигек, ажырық т.б. араласа шығады.

Теңіз жағасында батпақта шалғын, қамыс, құрақ жиі кездеседі. Ал құрлыққа қарай барған сайын өсімдік түрі молая түседі. Терістік-шыгыс жағында ерте көгеретін ебелек, мортық, шытыр, торғай от, қарабас, желкілдек, Нарын құмында қияқ, шағыр, қаңбақ, ақселеу, жыңғыл, жүзгін өседі.

Жалпы Атырау атырабында жоғары сатылы өсімдіктердің 945 түрі бар, бұлардың ішінде сирек кездесетін және жойылып бара жатырған түрлер, шаруашылыққа құнды, т.б. түрлері кездеседі. Оның ішінде алабұталы көкпек, құм ебелегі, түйеқарын, қаңбақ сораңшасы, сораң өсімдіктері өседі. Бұлардан басқа жантақ кәріқыз, көкпек, ошаған, сүттіген, шырмауық т.б. табиғи өсетін өсімдіктер бар. Сондай-ақ итсигек, есекмия, меңдуана, кекіре т.б. улы шөптер кездеседі .

Жануарлары:Жануарлар дүниесі табиғи ортаның құрамды бөлігі, кез-келген елдің табиғи байлығы. Топырақ жабындысы мен ауа райының өзіндік ерекшеліктері бар Атырау облысы бойынша омыртқалылардың 6 класының 43 отрядынан 410-н астам түрлері мен түршелері, кездеседі. Олардың негізгі тіршілік орындары: су және оның жағалауы, батпақты-шалшық, тегістік және құмды шөлейттер, дала белгілері бар жерлер, қала-ауыл бойлары және басқа да мәдени ландшафталар.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме География