Диаграммалар құрасты және көрнекі түрде жүзеге асады.
Тапсырмалар
1. Зерттеу нысанының географиялық орнын осы тектес нысандар-
дың бірінің географиялық орнымен салыстыр. Географиялық
орынның қолайлы, қолайсыз жақтарын да анықтауға тырыс.
2. Зерттеу нысанының әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі белгілі бір
көрсеткішін (көлемі, биіктігі, тереңдігі немесе т.б.) диахронды
түрде салыстыр. Осы арқылы зерттеу нысанының уақыт ара-
лықтарында қандай өзгеріске түскені туралы қорытынды жаса.
3. Зерттеу нысанының аса маңызды бір белгісін немесе көрсет-
кішін осы тектес нысанмен синхронды түрде салыстыр. Мүмкін
болған жағдайда осы салыстыруды график түрінде көрсетуге
тырыс.
4. Салыстыру әдісі арқылы жүргізілген нәтижелеріңді және осы
арқылы өзің зерттейтін нысан туралы қандай жаңа білімге қол
жеткізгеніңді қысқаша хабарлама түрінде рәсімде.