1. Топырақ картасы түсінігіне аныктама беріңдер. Топырақ картасын оқу кезінде қандай мәлімет алуға болады? 2. Топырақ түрлерінің таралу заңдылығын анықтау үшін қандай тақырыптық карта пайдалану қажет? Неліктен? 3. Топырақ картасы бойынша өздерің тұратын өлкеде топырақтың қай түрлері таралғанын анықтаңдар. Бүл топырақ ауылшаруа шылығында қалай пайдаланылады? 4. Топырақ картасынан топырақтың қай түрлерінің таралуы зона лық сипатта болмайтынын анықтаңдар. Бұл топырақ түрлері туралы мәлімет дайындаңдар. 5. Топырақ картасынан қандай топырақтар 48°c.е. бойынша орна ласқанын анықтаңдар. 6. Қазақстан аумағында топырақтың таралу заңдылығын түсінді ріңдер. 7. Неліктен қара топырақты жерлер ең құнарлы болып саналатынын түсіндіріңдер. 8. Жазық жерлерде топырақ құрамында қарашірік мөлшері сол түстіктен оңтүстікке қарай неліктен азаятынын түсіндіріңдер? 9. Қандай шарттарды орындаған жағдайда ашық қызғылт, сұрғылт, қоңыр топырақты жерлерді ауылшаруашылығында пайдалануға болады? Неліктен? 10. Тау" топырағының ерекшелігі қандай? Неліктен таулы жерлерде қарашірік аз болады?