Жылдамдық деп нені айтамыз? қандай бірліктермен өлшенеді​

жизньпрекрасна2 жизньпрекрасна2    3   20.10.2020 04:27    2

Ответы
Rena555582 Rena555582  19.11.2020 04:28

Жылдамдық, механикада – нүкте қозғалысының негізгі кинематикалық сипаттамаларының бірі:  = =dr/dt (мұндағы r – нүктенің радиус векторы, t – уақыт) теңдігімен анықталатын векторлық шама; физикалық шама өзгерісінін осы өзгеріс өткен уақыт аралығына қатынасымен анықталатын, осы айнымалы шаманың уақыт бойынша өзгеруінің лездігі.

Бірқалыпты қозғалған нүктенің жылдамдығы (), сан жағынан, нүктенің жүрген жолының (s) сол жолды жүруге кеткен уақыт аралығына (t) қатысына тең:  = s/t, жалпы жағдайда: =ds/dt. Ж. векторы нүкте траекториясына жанама бойымен бағытталады. Егер нүкте қозғалысы x, y, z декарттық координаттарға байланысты тәуелділікті өрнектейтін теңдеулермен берілсе, онда: , мұндағы x= dx/dt, y= dy/dt, z= dz/dt, ал Ж. векторының координат осьтерімен жасайтын бұрыштарының косинустары сәйкес түрде мынаған тең: x/, y/, z/. Жылдамдықтың өлшемділігі: LT–1. Жылдамдықты, әдетте, м/с-пен (бірліктердің халықаралық жүйесінде), кейде км/сағ-пен өлшейді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Физика