Химиялық ыдыстар мен құрал-жабдықтар: • сынауық
3 дана;
сынауыққа арналған түрғы - 1 дана.
1. Сынауыққа 2 мл натрий гидроксиді ерітіндісін құйып, үстіне
1-2 тамшы фенолфталеин тамызындар. Фенолфталеинді метилоранж,
лакмуспен алмастырып, тәжірибені бірнеше рет қайталаңдар. Не
байқалды? Индикатор түсінің өзгеруін түсіндіріңдер.
2. Сынауыққа 2-3 мл тұз қышқылының ерітіндісін құйып,
үстіне 1 немесе 2 тамшы метилоранж тамызыңдар. Метилоранжды
фенолфталеин, лакмуспен алмастырып, жұмысты бірнеше рет
жүргізіндер. Не байқалды? Индикатор түсінің өзгеруін түсіндіріңдер.
3. Сынауыққа 2-3 мл ас тұзының ерітіндісін құйып, үстіне
1 немесе 2 тамшы екі индикатордың бірін тамызыңдар. Не байқалды?
Индикатор түсінің өзгеруін түсіндіріңдер.
12-кестені толтырыңдар.