4. Бекетке жақындағанда электрпойызының жүргізушісі қозғалтқышты сөн- дірді. Одан кейін пойыз 0,1 м/с2 үдеумен бірқалыпты кемімелі қозғалады.
Егер тежегішті іске қосқан кездегі пойыздың жылдамдығы 54 км/сағ болса,
тоқтағанға дейін ол қандай қашықтықты жүріп өтті?
5. Бала 2 м/с жылдамдықпен бірқалыпты қозғала отырып тепловоздың тұсы-
нан жүгіріп өткен кезде тепловоз бірқалыпты үдемелі қозғала бастайды.
Тепловоздың баланы қуып жеткен мезеттегі жылдамдығын анықтаңдар.