1. Мүз араласқан суды салқын күйінде термоста ұзақ сақтауға бола ма? 2. Жемістерді сақтайтын суық қойма салу керек болса, салқындатқыш
элементті қойманың қай жеріне орналастырған тиімді?
3. Екі бірдей ыдысты бірдей мөлшерде сумен толтырып, біреуінің бетіне шыны, екіншісінің бетін ағаш қақпақпен жапқан. Ыдыстарды Күн сәулесі түсетін орынға орналастырса қай ыдыстағы су молырақ қызар еді?
4. Ауа райы суық өңірлерде тұрғын үйлерді салғанда жылу шығынын кемітетін амалдар қарастыру керек. Мұндай шығындар жылу берілудің (алмасудың) қандай түрлері арқылы орын тебеді?
5. Кейбір ғимараттар қыс айларында тез суып, ал жаз айларында тез ысып кетеді. Осының себебін анықтауды 8-сынып оқушыларына тапсырған болса, сендер қандай мәселелерге көңіл аударар едіңдер және қандай ұсыныстар жасар едіңдер?​

Eliman1 Eliman1    2   15.09.2020 07:13    8

Другие вопросы по теме Физика