Сынтас қорымының 1-обасында ертедегі жер бетінде, боренелерден сальшған шатыр тәрізді кұрылыста бастары батысқа және оңтүстікке каратылған үш өлік (олардың екеуі жауынгер) жатыр, олар бейне бір өздерінің арасына салынып, тайыз қабірге жерленген «әскербасын» қоршап жатқан сияқты. Өліктерге қоса салынған саймандар — кару (жебелердің қола ұштары, темір қанжарлар мен қорамсақ ілмектері), ат әбзелдері (темір ауыздыктар мен тоғалар, қола айылбастар, өткермелер және т. б.), тұрмыс заттары (қыш ыдыстар, темір пышақтар және басқалар). Сынтаста басын артқа қаратып, аузын ақситып жатқан қасқыр мүсінімен және киіктің басымен, текелердін мүсінімен және жыртқыш андардын басымен шебер безендірілген сүйек қасықтар ерекше.