Сабақ тақырыбы: Тігін өндірісіндегі кәсіпкерлік бағыттар 1 тапсырма: Осы сұрақтар бойынша тігін өндірісімен байланыстыра отырып мәтін құрастыр 1. Кәсіпкерлікке қолдау көрсетуді басқару жүйесінің мақсаттарын жіктеу. 2. Бизнеске ортаның макроәсері. 3. Кәсіпкерліктің дамуына макродеңгейде әсер ететін факторлар. 2 тапсырма: Тігін өндірісінде қалай кәсіпкерлікті дамытса болады? Қандай бағыттар бойынша өндіріс құрса болады? Өндіріс– қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажет материалдық өнімдерді шығару процесі. Өнідірістің дамуын еңбек құралдарынан, еңбек заттарынан және белгілі бір мақсатпен жасалынатын жұмыс процесінен тұратын еңбек ету жағдайы анықтайды. Қазіргі заманғы өндіріс, ғылыми-техникалық процестің нәтижелерін қолдану, соның ішінде автоматизацияландыру арқылы дамиды. Әрбір өндірістік кәсіпорын – цехтардан, учаскелерден, қосалқы шаруашылықтардан, басқару және ұйымдастыру шаруашылығы ұйымдарынан тұрады. Өндірістік бөлімдердің жиынтығы, олардың саны мен өзара қарым-қатынастары және өндірістің көлемі мен жұмысшылардың саны кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды. Кәсіпорынның өндіріске байланысты бөлімдері: цех, участок, қызмет көрсететін шаруашылықтар бірігіп, кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды. Өндірістік құрылым еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс шығындарын, табиғи байлық пен техниканы қолданудың экономикалық тиімділігін анықтауға ықпал жасайды. Кәсіпорынның негізгі өндірістік құрылымының бөлігі болып цех саналады. Цех - әкімшілік жағынан оқшауланған, жай өндіріс процесінде белгілі бір жұмысты атқаратын буын. Цехтардардың үш түрі болады: негізгі, көмекші, қосалқы. Негізгі цехтарда сатуға әзірленген дайын өнімдер шығарылады. Көмекші цехтарға – құрал-жабдықтар, жөндеу жұмыстары, энергетикалық, көлік цехтары жатады. Қосалқы цехтарға – қайта өңдеу цехтары, шығарылған өнімді безендендіретін қорлар мен басқа да жұмыстар жатады (орау, жүктеу, тасымалдау, түсіру т.б.). Цехтар – учаскелерден тұрады. Олар үш түрге бөлінеді: негізгі, көмекші, қосалқы.

dasha240417 dasha240417    3   24.01.2021 19:03    2

Другие вопросы по теме Другие предметы