Read and answer the questions This is my best friend Craig. He’s nine years old. Craig has got short dark hair and blue eyes. He’s tall for

ilyapolitykin228 ilyapolitykin228    1   17.04.2019 04:00    4

Ответы
ATAT1 ATAT1  04.06.2020 06:06

Берілген сұрақтарға  жауап.

1. Дыбыс және оның түрлері.

Тілдің дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, құлақпен естілеті үн дыбыс деп аталады. Дыбысты айтамыз және естиміз.

Қазақ тіліндегі дыбыстар дауысты және дауыссыз болып екі үлкен топқа бөлінеді.

Дауысты дыбыстар — дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуынан, фонациялық ауаның кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар.. Дауысты дыбыстардың басты қасиеті сөз ішінде буын жасап, дауыссыз дыбыстармен тіркесе алатындығында. Қазіргі қазақ тілінің дауыстылар жүйесі 9 дыбыстан құралған: а, о, е, ы, і, о, ө, ұ, ү. Дауысты дыбыстар айтылғанда жақтың, еріннің, тілдің қатысу дәрежесіне қарай: ашық — қысаң, еріндік — езулік, жуан — жіңішке болып бөлінеді.

• Жуан дауыстылар — тілдің кейін жиырылуы арқылы жасалатын дауыстылар: а, о, (у), ұ, ы

• Жіңішке дауыстылар — тілдің ілгері созылуы арқылы жасалатын дауыстылар: ә, е, (и), ө, ү, і

• Ашық дауыстылар — тілдің таңдайға қарай төмендеп барып көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар, оларды айтқанда жақ кең ашылып, иек төмендейді. Қазақ тіліндегі ашық дауыстылар: а, ә, е, о, ө.

• Қысаң дауыстылар — жақтың кең ашылмай, тілдің таңдайға қарай жоғары көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар. Қазақ тіліндегі қысаң дауыстылар: ы, і, (и), (у), ү.

• Еріндік дауыстылар — айтылуда еріннің алға қарай сүйірленуі арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: о, ө, ұ, ү, (у).

• Езулік дауыстылар — айтылуда еріннің кейін тартылып, езудің жиырылуы арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: а, ә, е, э, ы, і, (и).

Дауыссыз дыбыстар - тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п,р, с, т, һ, ф, х, ц, ч, ш, у.

Дауыссыз дыбыстар дауыс қатынасына қарай үшке бөлінеді:

1. Қатаң дауыссыздар - дауыс шымылдығы қатыспай, тек салдырдан жасалатын дауыссыз дыбыстар: п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш;

2. Ұяң дауыссыздар - дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын, салдыр мен үн тең болатын дауыссыздар: б,в, г, ғ, д, ж, з;

3. Үнді дауыссыздар - дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын салдырға қарағанда үн басым дауыссыздар: р, л, м, н, ң, у.

2. ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ — буын не сөз құрамындағы дауысты, дауыссыз дыбыстардың бір әуезбен айтылуы. Тілде сөздің құрамындағы дыбыстарды (дауысты, дауыссыз) ұйыстырып, бүтін сөз етіп тұратын лингвистикалық құбылыс. Ондай құбылыс туыстас тілдер тобына ғана тән. Үндестік заң дыбыстарды алдымен буынға (егер сөз бір буынды болса), содан кейін буындарды сөзге (егер сөз екі не көп буынды болса) біріктіреді. Үндестік заңы қазақ тілінің іргелі заңдылығы болғандықтан, оның ықпалы тілдегі дыбыстардың айтылымы мен естілімінде басым болады.

3. Синонимдер – айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын сөздер. Мысалы: демалу: тыну, тынығу;

Ер: жігіт, батыр, күйеу, каһарман, ұл;

Жау: дұшпан, қас, қастан.

мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер.

Антонимдер - мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер. Мысалы: айбынды-қорқақ; батыр – сужүрек; күшті - әлсіз; қос - бөлек/біреу; солғын – балғын; бірлік – алауыздық.

Омонимдер - шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер. Мысалы: көз – иненің көзі, адамның көзі, білімнің көзі;

Үй – үй жұмысы, шөпті үй, үй салу;

Оң – оң шешім, оң көз, оң бата.

4. Сөз құрамы

Қазақ тілінде сөз құрамы түбір сөзден, түбір мен қосымшадан /түбір+жұрнақ, түбір+жалғау, түбір+жұрнақ+жалғау/-қосымшалы сөз, туынды сөз, қос сөз, қысқарған сөздер, сөз тіркестерінен тұрады. Түбір – сөздердің ешқандай тұлғалық бөлшектерге бөлінбейтін түпкі, негізгі қазығы, жаңа сөз жасаудың негізі. Түбір – сөздердің ешқандай тұлғалық бөлшектерге бөлінбейтін түпкі, негізгі қазығы, жаңа сөз жасаудың негізі.

Түбір түрлері:

1. Дара түбір. Мысалы: ата, кітап, адам, мектеп т.б.

2. Қос сөздер. Мысалы: тау-тау, кезек-кезек, ата-ана т.б.

3. Біріккен сөздер. Мысалы: белбеу, Көкшетау, боөторғай т.б.

Негізгі түбір – қосымшасыз жеке тұрып, бір мағынаға ие болады. Мысалы: бала, оқы, т.б.

Туынды түбір – түбірге жұрнақтар қосылып, жаңадан түбір сөз пайда болады. Мысалы: бала – бала+лық, мал – мал+шы, дәрі – дәрі+гер, өнер - өнер+паз т.б.

Түбірлес сөздер – бір түбірден пайда болған бірнеше сөз. Мысалы: өн –өнім - өндіріс - өніс - өнгіш т.б.

Туынды сөздер мен туынды түбір сөздер бірдей емес. Туынды түбір жұрнақтар арқылы негізгі түбірден туған сөз болса, туынды сөз тек туынды түбірден ғана жасалады. Сонымен бірге туынды түбірден туынды сөздер өрби береді. Мысалы: біл – білім – туынды түбір.

білім – білімді, білімпаз – туынды сөздер.

Қосымшалы сөз – түбір мен қосымшадан құрылып тұрған сөз.

Қосымшаның екі түрі бар: біріншісі – жұрнақ, екіншісі – жалғау.

5. Көптік жалғау — жалғанған сезіне көптік мағына беретін қосымша. Көптік жалғауының дыбыс үндестігіне қарай алты варианты қолданылады: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер(қала-лар, мекеме-лер, ғалым-дар, өзен-дер, ат-тар, шөп- тер).

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Другие предметы