Бесшатыр қорғандарындағы табылған олжалар.

mjh60661 mjh60661    3   17.01.2021 13:58    5

Ответы
kurtenokalina2 kurtenokalina2  17.01.2021 14:00

Алматы облысындағы Бесшатыр қорғаны тұнып тұрған тарих. Бұл жерді б.з.д. VII-IV ғасырларда сақтар мекен еткен. Қазір осы көне қорымдар туристер үлкен қызығушылық танытып отырған мекенге айналған. Сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бесшатыр қорғандарына алыстан қарағанда үлкен бес төбе көрінеді. Сол себепті Бесшатыр деп аталып кеткен. Ал жақындағанда төбешіктердің саны арта түседі. Қорым құрамында үлкенді-кішілі 31 оба бар. Дәл осыншама қорған бір-бірімен жерасты жолдары арқылы байланысады. Бұл жерде сақтар жерленген. Жерасты жолдарынының бар екенін кез-келген турист өз көзімен көре алады. Бірақ, ол жолмен жүруге мүмкіндік жоқ. Себебі уақыт өте жерасты дәліздері құлап, көміліп, жабылып қалған. Ал ең үлкен қорғанның биіктігі 17, диаметрі 104 метр. Кейбір қорғандарды сан ғасырлық тарихы бар меңгір тастар қоршаған. Ол тастар сол замандағы сақтардың мәртебесіне қарай қойылған деседі. Бұл аймақты 1959-1960 жылдары белгілі археолог, қазақ археология ғылымының негізін қалаушылардың бірі Кемал Ақышев бастаған топ зерттеген.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Другие предметы