1. Тахауи Ахтанов " Күй аңызы " әңгімесінде екі жолаушының сырт бейнесін қалай сипаттаған ? Өз пікірің қандай ? 2. Тахауи Ахтанов " Күй аңызы " әңгімесінде екі жолаушының түйені көргендегі іс - әрекеттерін қалай бейнелеп көрсетті ? Өз пікірің қандай ? 3. Тахауи Ахтанов " Күй аңызы " әңгімесінде Естеместің нарды идіру үшін күй тартқан сәттегі көңіл - күйін көз алдымызға қалай елестетіп көрсетті ? Өз пікірің қандай ? 4. Жүніс Сахиев " Айдағы жасырынбақ " әңгімесінде ғылымның қандай салалары туралы айтылды ? Өз пікірің қандай ? 5. Жүніс Сахиевтің " Айдағы жасырынбақ " әңгімесінде : - Табиғаттың болашақ тазалығы сендердің қолдарыңда , - деген сөз кімдерге не үшін айтылды ? Өз пікірің қандай ? 6. Жүніс Сахиевтің " Дабыл " әңгімесіндегі аспаннан түскен тастың қаншалықты шындыққа жанасатын тұстары бар ? Өз пікірің қандай ? 7. Жүніс Сахиев " Дабыл " әңгімесінде неліктен өзге ғаламшарлықтардың жер бетіндегі адамдармен көне түркі тілінде сөйлегенін қалады ? Өз пікірің қандай ? 8. Роза Мұқанованың " Мәңгілік бала бейне " әңгімесіндегі қыздың бейнесі мен іс - әрекетінен қандай оқиға кезеңін аңғардың ? Өз пікірің қандай ?