Берілген мәтіннен жинақы мәтін құрыңдар. Табиғатты қирататын табиғи құбылыстар – «Табиғи апаттар­» деп аталады. Олардың түрлері көп.Құрғақшылық – ұзақ уақыт бойы жауын түспеген географиялық аймақта әдеттен тыс құрғақ ауа райы орнайтын кезең немесе жағдай.

Найзағай екі қара бұлт немесе қара бұлт пен жер астындағы электр тогының зарядсыздануымен сипатталады. Құйындар – қара бұлт пен төменде жерге дейін созылатын ауаның күшті айналымы болып табы-лады. Дауылдар экваторға жақын мұхиттарда пайда болатын көшпелі тропикалық циклондарға жатады.

Цунами – мұхит түбінің айналуы немесе суасты жер сілкінісі не теңіз аймағында вулкан атқылауының салдарынан болатын үлкен кө-терілу толқыны.

Вулкандар мен жер сілкіністері – жаппай қырып-жоюға әкелетін табиғи құбылыстар. Жер қабаты плиталарға бөлінеді. Бұл плиталар өте баяу қозғалады. Плиталар ажыраған кезде, олардың астындағы ыстық жыныстар жер бетіне көтеріліп, вулкан атқылайды. Вулкан-ның астынан шығатын ыстық жыныс «Лава» деп аталады.

Табиғи апаттар адам өміріне қауіп тудырады және материалдық шығындар әкеледі.

akalitp08ipr akalitp08ipr    1   20.09.2020 01:52    8

Другие вопросы по теме Английский язык