-тапсырма. Мәтінді оқы. Тақырып қой. Мәтінді мазмұнда. Деректі және дерексіз зат есімдерді тап.
 «Мәңгілік ел» ескерткіші жасампаздық қақпасын бейнелейді. Салта-
 натты қақпаның маңдайында мемлекеттік рәміз — Елтаңба, шаңырақ,
 Киіз үй керегелері, күн шұғыласы, алтын жалды қанатты пырақ бейне-
 леніп, «Қазақстан» деген сөз жазылған.
 «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы
 айрықша сәулет ескерткіші.
 «Мәңгілік ел» жазуы қақпаны көріктендіріп тұр. Арка ұлттық оюмен бе-
 зендірілген. Абыз ақсақал мен данагөй ананың, қаһарман батыр мен ел-
 шіл жауынгердің қола мүсіндері өнерлі қазақ халқының рухани өмірінің
 тыныс-тіршілігін білдіреді. Қақпаның бір жағына Қожа Ахмет Ясауи кесе-
 несіндегі тайқазанның көшірме үлгісі орнатылған. Мұнымен қоса онда
 қазақ жауынгерінің бес қаруының бірі – қалқан бейнеленген. Қақпаның
 бір қабырғасы Тәуелсіздікке арналған. Онда Егемендік туралы деклара-
 ция көрсетілген. Бұл қабырғада «Ақорда», «Бәйтерек» секілді маңызды
 нысандардың суреттері салынған (С. Негимов).