Менин Дағыстаным повеси не туралы? ​

Тембулат14 Тембулат14    2   13.05.2020 16:13    3

Ответы
nOMOSHHuK nOMOSHHuK  14.10.2020 17:08

Менің ұлым авар анасы  үйреткен тілді ұмытпауға тиіс»  деп басталатын бұл эссенің мағынасы тереңде.  Тіліңді ұмытқаның – еліңді, тарихыңды, анаңның ақ сүтін ұмытқанмен пара пар деген түпкі идея жатыр. Тілін ұмытқан кез келген адам – өткенін де бүгінін де мәңгі ұмытты деген сөз. Бұл эсседе өз ана тіліңді ұмытып өзге елде ғұмыр кешкенше, тірі басып жүрмей-ақ қойғаның абзал деген мазмұн бар.

«Ана тілім! Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тірлігім-сенсің, мен сені мақтан етем. Сонау тұңғиық терең жер түбінен жарыққа, күнге, жасыл шөпке асыққан бұлақ суындай ана тілімнің сөздері тірлігімнен қайнап шығып, алқымыма тіреледі.Ернім күбірлейді.Өз күбіріме өзім құлақ тігем, ана тілім, саған құлақ тігем, сонда маған бейне тұңғиықтан шымырлап шыққан таудың асау өзені елестейді.Мен болаттың сыңғырын ұнатам, қынабынан суырылған екі қанжардың бір-біріне соғылған дыбысын сүйем.Осының бәрі менің тілімде бар» – деп дағыстан ақыны тілін, елін тебірене сөз етеді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi