2-тапсырма. Мәтінге талдау жаса. Кестені толтыр. Мәтіннің
түрі
жанры
стилі
тақырыбы
идеясы
мақсатты аудиториясы
қысқаша мазмұны
во текст
Қазақ даласында қолөнер ерте заманда дамыған. Қазақ халқы керек заттарды қолдан жасаған. Оларды әлемі оюлармен әшекейлеген. Қазақтар киіз басты, сырмақ жасады, кесте тікті, алтыннан, күмістен әшекейлер жасады.
Массагеттер қазіргі Қазақстан территориясында өмір сүрді. Массагеттер барлық заттарды әшекейлейтін. Атақты тарихшы Геродот: «Массагеттер барлық заттарды алтынмен, мыспен, күміспен әшекейлейді. Құрал-саймандарды мыстан жасайды. Оқтарды да мыстан жасайды. Баскиімді, сәукелені, белдікті, сақинаны, білезіктерді, ер-тұрманды алтынмен және күміспен әшекейлейді. Ер-тұрманды, белдікті, киімдерді былғарыдан жасайды», - деп жазды.
Қазақтар ағаштан жиһаздар, киімілгіштер, ыдыстар жасады және оларды оюлармен әшекейледі. Алтыннан, мыстан, күмістен құрал-саймандар, зергерлік бұйымдар жасады. Жүннен, киізден сырмақ, тұскиіз, киімдер жасады.
Қазақ халқының қолөнері ерте заманнан әралуан және әдемі.