Мәтінде не туралы айтылады? Асанас қаласы Қызылорда қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 48 шақырымда, ал Сырдария ауданына қарасты Айдарлы ауылынан оңтүстік-батысына қарай 8 шақырым қашықтықта орналасқан. Асанас қаласының шығу тегі ортағасырлық Өзгент, Сығанақ, Жент, Баршынкент қалаларымен аталады. Атақты зерттеуші тарихшы Жувейнидің еңбегінде 1219 жылы моңғол әскерлерінің Сығанақтан Жендке қарай бара жатқан жолда жаулап алынған қаланың бірі ретінде айтылады. Асанас қаласы дөңгелек пішінді, көлемі 450х400 метр.
Қала мығым мұнарасы бар дуалдармен, оның сырты ормен қапталған.Төрт мықты қақпасы бар бекініс дуалдың қазіргі сақталған биіктігі 5 метрдей болады. Дуалдың ені іргетасымен есептегенде 15 метр. Шығыс бөлігінде орналасқан цитадельдің аумағы 40х50 метр, ал биіктігі 1 метр. Асанас ата кесенесі Қазақстан жеріндегі сәулеттік келбеті айрықша кесенелерінің бірі. Осы уақыт кезінде Асанас қаласы және Асанас ата кесенесі мемлекет қорғауына алынған, Қызылорда облысы бойынша жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштер қатарына кіреді.

kazymbietova71 kazymbietova71    3   04.12.2020 09:43    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi