3-тапсырма. Төмендегі берілген науқастың шағымдарына орай дәрігердің сұрақтарын әзірлеу.
 1. - ...?
 - Қолымды сындырып алдым.
 2. - ...?
 - Құлап қалдым.
 3. - ...?
 - Қан көп кеткен жоқ.
 4. - ...?
 - Жараны досым (туысым) тазалап берді.
 5. - ...?
 - Шендеуіш ретінде тақтай пайдаландық.
 6. - ...?
 - Иә, тезірек емханаға апарыңыз.