
 79033404606 
                                                21.05.2020 17:00
                                                
                                                79033404606 
                                                21.05.2020 17:00
                                             Dudos213 
                                                14.04.2020 13:28
                                                
                                                Dudos213 
                                                14.04.2020 13:28
                                             XyJiuGaN4uK 
                                                14.04.2020 13:27
                                                
                                                XyJiuGaN4uK 
                                                14.04.2020 13:27
                                             VovaUtyuzh 
                                                20.01.2021 23:10
                                                
                                                VovaUtyuzh 
                                                20.01.2021 23:10
                                             alinzik3 
                                                24.07.2019 12:10
                                                
                                                alinzik3 
                                                24.07.2019 12:10
                                             Usdied 
                                                04.07.2019 03:40
                                                
                                                Usdied 
                                                04.07.2019 03:40
                                             03alibek 
                                                14.08.2019 20:30
                                                
                                                03alibek 
                                                14.08.2019 20:30
                                             Alikjon 
                                                17.04.2019 03:10
                                                
                                                Alikjon 
                                                17.04.2019 03:10
                                             irinkailnitska11 
                                                17.04.2019 03:10
                                                
                                                irinkailnitska11 
                                                17.04.2019 03:10
                                            
Көптеген адамдарға Абайға орыс тілін үйреткен демократ-революционер Михаэлс секілді болып көрінеді. Бұған Абайдың: «Өмірге көзімді ашқан Михаэлс»,-деген сөзі себеп болған секілді.
Михаэлс Абайға ғылымды өз салалары бойынша жіктеп, нені оқуды, қалай оқуды айтуы мүмкін, ал орыс тілін үйретті деген пікірге өз басым күмәнмен қараймын. Оның үстіне, жігіт ағасы жасына жеткен шағында Михаэлспен кездескен Абайдың, онымен сөйлесуі үшін де орысша білуі керек емес пе? Себебі, Михаэлс қазақша біліпті деген дерек еш жерде жоқ.
Ғылым үшін ұсақ-түйек нәрсе жоқ,-деген қағиданы еске алсақ, Абайдың орыс тілін қайдан, қалай үйренгенін білу ұсақ-түйек нәрсе емес. Сонда Абай орыс тілін қайдан үйренген?
Бұл орайда біздің айтарымыз мынау:
Біріншіден, Абайдың әкесі Құнанбай аға сұлтан, тобықты руының старшыны болып ел басқарғанда, сол кездегі қазақтан шығып ел басқарған болыс-сұлтандардың көбі секілді сауатсыз әрі орыс тілін білмегендіктен, ел басқарудағы іс-қағаздарды орыс тілінде жүргізіп отыратын хатшылары, тілмаштары болған. Абай өз ауылындағы осы аудармашы-хатшылар арқылы бала кезінен ауылда орыс тілін естіп өскен. Бұл Абайдың орыс тіліне деген қызығушылығын ерте оятуы ғажап емес. Лингвист-ғалымдардың пікірінше тілді үйрену үшін оған құлақты ерте кезден жаттықтырып, сол тілдегі сөздерді түсінбесе де естіп жүрудің маңызы зор.
Екіншіден, Абай үш ай «приходская школада» оқыған. Абайдың баласы Тұрағұлдың естелігінде айтылғандай, табиғат Абайға өмірде сирек кездесетін қайталанбас ғажайып жады (память) сыйлаған. Сондықтан да Абай үш ай орыс оқуында, тіл үйренуде жұрттың 1-2 жылда жететін жетістігіне бірден жетуі бек мүмкін.
Үшіншіден, Абайдың тоқал шешесі Айғыздан туған Халиолла деген бауыры орысша оқыған. Тарихи-мұрағаттық құжаттарда расталғандай, ол 1863- 1869 жылдары Омбыдағы Шоқан Уәлиханов оқыған Кадет корпусына түсіп, оны бітіріп, "корнет" атағын алып, офицер болып шығады. Бұдан соң, Халиолла Москвадағы Павловский ковалерский школды бітіреді.