Кітапхана - білім ордасы Мәтінді оқы. Кітапхана қандай жер?
А керекті рухани байлықтың
бәрі кітаптан табылады. Кітап білімнің қайнар
бастауы болып саналады. Ал осы кітапты
сақтайтын, жинақтайтын, оны оқырманына
жеткізетін қасиетті орын – кітапхана. «Адамға
ауа қандай қажет болса, кітапхана да сондай
қажет» деген көрнекті жазушы Оралхан
Бөкей. Бұл сөз кітапхананың өмірдегі орнын
дәл айқындап тұр.
Бүгінде әлемді ақпараттық технологиялар
билеген заман. Кез келген кітап мәтінін әп-
сәтте интернеттен тауып аламыз. Бірақ
Кітапхананың орны бөлек. Қалаған

voldemarsoybzwx voldemarsoybzwx    1   11.12.2020 01:14    0

Ответы
dickosh97 dickosh97  11.12.2020 01:20

Кітапхана — мәдени-ағартушылық ғимарат. Кітапхана ба з шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға ба з шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады. Кітапхана атқаратын міндетіне, кітап қорының құрамына және жұмыс әдісіне қарай екіге бөлінеді: а) көпшілік; ә) ғылыми және арнаулы.

Көпшілік кітапхана — оқырманға қоғамдық-саяси, кәсіптік, жалпы білім беретін басылымдарды ұсынады.

Ғылыми және арнаулы кітапханалар ғылым салалары мен белгілі бір ұйымдарға (мекемелер, оқу орындары, т.б.) қызмет етеді. Кітапханалар жазба ескерткіштердің қоғамдық қоймасы ретінде ерте заманда пайда болған.[1] Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырдың ортасында Ассирия патшасы Ашурбанипалдың сарайында қыш тақталарға жазылған жазбалар жинағы сақталған. Көне кітапханалардың ішінде Александрия кітапханасы әлемге әйгілі. 9 — 11-ғасырларда Бұхара, Самарқанд, Отырар, Үргеніш, Мерв қалалары ғылыми және әдеби кітап қорларымен аты шықты. Ұлы ғұлама әл-Фарабидің туған қаласы Отырарда Александриядан кейінгі әлемдегі екінші ең ірі кітапхана болған деп есептеледі. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында барлығы 11300 кітапхана (2003) жұмыс істейді.[2]

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi