Астана - әсем қала. Ол өзінің ауыз толтырып айтарлықтай ерекшеліктерімен де ерекшеленеді. Астананың жөні бөлек. Басқа қалалардан ерекшелігі де сол онда әдемі зәулім үйлер, Есіл өзенінің жанында орналасқан Үкімет пен Парламентке арналған әкімшілік ғимараттары, Хан шатыры, мәдениет сарайлары, спорт кешендері, "Өмір өзені" атты субұрқақтары, Конгрес Холл, театрлар мен Абай мен Кенесары атамыздың ескерткіштері, Бәйтерек монументі, көшедегі гүлзарлар мен алаңдары да өте керемет үйлесімін тапқан. Бұл біздің білетініміз ғана десем болады. Есілдің сол жағалауында орналасқан «Астана Опера » театры асқақ сән-салтанатымен көз тартады. Ғимараттың жалпы ауданы 64 мың шаршы метр. Оның 3000 шаршы метрін сахна аумағы алып жатыр. «Астана Опера» өзінің көлемімен ғана емес, сонымен қатар, әсем сәулетімен де таң қалдырады. Әлемдік сәулет өнерінің ең үздік классикалық дәстүрлері ескеріле салынған театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын байқалады. Қазіргі Астананың көз тоймастай көркіне, жылдан-жылға әсемденіп өсіп келе жатқанына әрбір ауыл баласы қызыға қараймыз. Астананың Астана болғанына елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еңбегін айтпай кетуге болмас. Ол кісі Астананы жаңаша гүлдендірді. Сарыарқаның төрінде орналасқан Астана - Қазақстанның жүрегі. Мен оны әрдайым мақтанышпен "Әсем қалам – Астанам"-деп айта аламын. Мәтін мазмұнына сай көп нүктенің орнына берілген сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз тапсырма. Мәтіннен ең маңызды 4 тірек сөзді жазыңыз ЭТО СОР