Би шешендердің сөздері халықтық тәлім тәрбие құралы деген тақырыпқа дәлелдемелік эссе (сөз саны 90)жазыңдар. Эссенің құрамында көнерген сөздер көбірек қолданылуына назар аударыңдар.

veranika25 veranika25    3   01.12.2021 13:28    0

Ответы
ЛунаВаленте ЛунаВаленте  11.01.2022 11:29

Шешендік сөздер - қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер мен тұжырымдар; қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын дидактикалық жанр.

Қазақ халқының шешендік өнерінің алғашқы нұсқалары түркі халықтарының Орхон, Енесей ескерткіштері мен көне жазба мұраларынан табылған. Мұнда Қорқыттың айтқан нақыл сөзі жазылған.

Шешендік өнер суырып салма ақындықпен жақын келетін сирек кездесетін дарын, әрі қасиет. Әркімнің қолынан келе бермейді, себебі ол терең ой мен ұтқыр шешімге құрылады.

Шешендік сөздердің тәрбиелік мәні өте зор. Мысалы, Ыбырай Алтынсарин халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді.

Кезінде үлкен дау – жанжалдың барлығы билер айтқан шешtндік сөздерге тоқтап, өз шешімдерін табатын болған. Тарихқа жүгінетін болсақ, қазақ халқының шешендік сөз өнері XII-XIII ғғ. Аяз би мен Майқы биден басталып, Асан қайғы, Жиренше шешен, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Әз Жәнібек, Махамбет пен Сырым батыр шешендіктерінен өз жалғасын тапқан.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi