ЖазылымЕкі сұрақтың біреуін таңдап, жауап жазыңыз. Өз жауабыңызды тиісті стильге келтіріңіз.Болжалдық және бөлшектік сан есімдерді дұрыс қолданыңыз.Қай сұраққа жауап беретініңізді көрсетіңіз. Тиісті шаршыға қанат белгісін () қойыңыз.1 21. Білім. Ғылым. ИнновацияАқпараттық технологиялар, медицина, ауыл шаруашылық ,сауда, өнеркәсіп саласында ғылым бар екенін дәлелдеп, бірнеше жобаларда жұмыс істеп, халықаралық патенттер алып үлгерген жастар бар. «Қазақстанның жас ғалымдары» жайында мақала жазыңыз .2. Сауда жасай білесіз бе?Сіздің мектебіңізде 16 қараша күні ҚР тәуелсіздігіне орай қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілетінін елестетіңіз. Жергілікті газетке осы жәрмеңке туралы пікір жазыңыз. Көрген, алған әсеріңізді сипаттап жазыңыз. *

думка3 думка3    3   30.10.2020 10:03    2

Ответы
ainesk12 ainesk12  29.11.2020 10:03

Алтын ұямыздағы қайырымдылық жәрмеңкесі.

Тәуелсіздік күні – барша қазақстандықтар үшін айтулы күндердің бірі.Бұл егемендікке ата-бабаларымыз үлкен қажыр-қайраттың,халықтың татулығының арқасында қол жеткізген еді.Міне,бүгінде кең байтақ жерімізде мамыражай өмір сүріп келеміз.Ал еліміз болса күн санап көркеюде.

Тәуелсіздік мерекесіне орай мектебімізде көптеген шаралар өткізілді.Солардың бірі – қайырымдылық жәрмеңкесі.Мен жәрмеңкеден алған әсеріммен,өз ойыммен бөліссем деймін.Ең қызықтысы жәрмеңкеде неше түрлі заттар мен тағамдар сатылды.Яғни,көп салалы болды.Бір бөлігінде халқымыздың ұлттық тағамдары,енді бірінде дүкен сөрелерінен сатып алынып,кейін арзанға сатылып тұрған зиян да болса,оқушылар сүйіп жейтін тағамдар сатылды.Енді бір бөлікте оқушылардың өз қолымен жасаған қолөнер бұйымдары,картиналар, әшекей заттар көздің жауын алып тұрды.Тағы бір жерінде қазақ ақын-жазушыларының төл туындылары мен кітаптары әлдеқайда арзан бағаға сатылымда тұрды.Сонымен қатар мектеп оқушыларына аса қажет оқу және кеңсе құралдары да сатылды.Қоңырау сайын оқушылар да,мұғалімдер мен кіші қызметкерлер де жәрмеңкеге асықты.Үйме-жүйме болған көпшілік бейне бір илеудегі құмырсқалар секілді.Менің пікірімше, жәрмеңкеге ұйымдасқан түрде жоғары деңгейде өтті.Сатушы да,сатып алушы да мәз.Жиналған қаржыны мектеп ұжымы тиімді қолданады деген пікірдемін.Осындай қайрымдылық шаралары көп болғай!

Объяснение: Вроде так

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi