Ситуацилық есептер (кейс/шағын кейстер). №1. Савельев Николаевпен шарт жасасып, Николаев үшін құрылыс материалдарын алып беруге міндетттенеді. Құрылыс материалдары сатылып алынғаннан кейін Николаев материалдар өте жоғары бағамен сатылып алынғандығына сілтеме жасап, тауарды қабылдау мен Савельевке бағасын өтеуден бас тартады. Өз кезегінде Савельев Николаевтан алған нотариуспен куаландырылған сенімхатында құрылыс материалдарын сатып алуы керек бағасы көрсетілмей, тек «құрылыс материалдарын ағымдағы баға бойынша сатып алуы тапсырылады» дегенді айтып, сатып алынған материалдар сомасын төлеуді талап етеді. Мұнымен қоса құрылыс материалдарын қабылдауды кешіктіргеннен кейін Савельев оны сақтауына байланысты қосымша шығындарын да төлеуді талап етеді. Николаев болса, Савельевке сенімхат бермес бұрын құрылыс материалдарын алуға шекті бағасын айтқандығын алға тартады. Келісімге келе алмай, тараптар заңи кеңеске жүгінеді. Оларға қандай түсіндірме берген жөн?