Жер бетіндегі тірі организмдерге әсері қандай ?

нор123456789 нор123456789    2   03.11.2020 14:36    4

Ответы
vorsunovakatv vorsunovakatv  03.12.2020 14:37

Жер қабықтарына әсері. Тірі ағзалар Жердің барлық қабаттарына: атмосфера, гидросфера, литосфераға әсер етіп, биосфера қабығын түзеді.

Ағзалардың атмосфераға әсері. Ағзалардың атмосфераға әсері  фотосинтез үдерісіне байланысты. Өсімдіктер атмосферадан көмірқышқыл газын сіңіреді де, оттегін бөліп шығарып, үнемі толықтырып отырады, сондықтан өсімдіктерді «оттегі фабрикасы» деп атайды. Ал жануарлар, керісінше, оттегімен тыныс алып, көмірқышқыл газын бөліп шығарады. Сөйтіп, ағзалар атмосферадағы газдардың мөлшерін реттейді. Өсімдіктер ауаны шаң-тозаңнан, автокөліктердің шығарған газдары мен басқа да ластанулардан тазартады. Көптеген жабайы өсімдіктер тіршілікке зиянды микробтарды жоятын фитонцид деп аталатын ұшқыш заттарды бөліп шығарады. Мұндай заттар ауру тудыратын бактериялар мен микробактериялардың дамуын тежеп, ауа тазалығына үлкен әсер етеді.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Окружающий мир