Тақырыбы: Жәндіктердің ролі, оларды қорғау Мақсаты : Жәндіктердің рөлі, оларға қамқорлық жасау және пайдасы мен зияны жайлы мағлұмат беру Жаңа сабақты сипаттау: ЖӘНДІКТЕР ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША АҚПАРАТ Біздің планетамыздың жануарлар патшалығында ең көп кездесетін тіршілік иесі- жәндіктер, олардың көпшілігі алғашқы адамның пайда болуынан бұрын өмір сүрген. Қазба қалдықтары девон кезеңінен белгілі. Филогенетикалық шығу тегі көп аяқтыларға жақын, арғы тегі сақиналы құрттар деп есептелінеді. Жер шарында кең тараған 1 млн-дай түрі анықталған, барлығы 1,8 – 2 млн. түрі болуы мүмкін. Жәндіктер тартымды және таңқаларлық, олар кішкентай және әр түрлі болғандықтан байқалмайды, олар туралы біздің білімдеріміз, өкінішке орай, өте тапшы, бірақ олардың біздің өмірімізге әсері өте зор. Жәндіктерді энтомология ғылымы зерттейді. Жәндіктер қоршаған орта жағдайларына оңай бейімделеді. Жәндіктердің өмірі өсімдіктермен тығыз байланысты. Табиғатта зат айналымда жәндіктердің үлкен маңызы бар. Өсімдіктердің жапырағымен, тамырымен, бұтағымен, жемісімен, тұқымымен қоректене отырып олардың өздері басқа жануарлардың қорегіне айналады. Өсімдік қоректі жәндіктер жаппай көбейгенде өсімдікті зақымдайды немесе жойып жібереді. Кейде жәндіктер зиян келтіреді, және олардың шағуы белгілі бір аурудың дамуына себеп болуы мүмкін. Жәндіктердің пайдасы. Бал алады, зиянды құрттардан тазартады. Көбелек гүлдерді тозаңдандырады, талшығынан жібек мата алынады. Қоңыз өсімдіктердің жапырағын зиянды құрттардан тазартып, емдейді. Құмырсқа еңбекқор, илеуіне қонған құстардың үстіндегі бүргелерін тазартады. Шегіртке зиянды көк шөптерді, егінді жеп құртып отырады. Шегірткелер топталып жүреді. Ара гүлдердің шырынынан бал жинайды. Қоңыздар топырақты қазып шіріген заттарды ыдыратып табиғат тазалығын сақтауға үлес қосады. Жәндіктердің адам денсаулығына тигізер маңызы өте жоғары. Өрмекшінің өрмегі қаны тоқтамаған жараға ем. Араның балын жаңғаққа араластырып қан айналымын жақсарту үшін пайдаланылады. Жаңғақтың қоректік құны жоғары. Оның құрамында ақуыз, қанықпаған май қышқылы, темір бар. Ол адам денесіне өте қажетті пайдалы азықтық ретінде қарастырылады. Миды қуаттандырады, қан айналысын жақсартады, өтке байланған тасты ерітеді. Е дәрумені бар. Құмырсқадан амин қышқылын алады.Көбелектің талшығынан жібек мата алады. Тапсырма: Сұрақтарға жауап жазамыз. Жануарлар патшалығында ең көп кездесетін тіршілік иесі? Жәндіктердің қазба қалдықтары қай кезеңнен белгілі? Топырақты қазып, шіоіген заттарды ыдырататын табиғат тазалығын сақтауға үлес қосатын жәндік? Жәндіктерді зерттейтін ғылым қалай аталады? Жәндіктердің адам өміріндегі және табиғаттағы маңызы жайлы қысқаша мәлңмет беріңіз