1-тапсырма Шәкәрім Құдайбердіұлының «Айқап» журналында
жарияланған «Білімділерге бес сауал» деген еңбегіндегі
сауалдарға өз ойыңды тұжырымдап жаз.
• Ар-ұждан дегеніміз не?
• Адам өмірінің мәні неде?
• Ең жақсы адам кім?
• Адамның адамгершілігі уақыт ағымына қарай өзгере ме?
• Адамның адами қасиеті жаңара ма, әлде туа біте ме?
2-тапсырма Төмендегі мәтінді оқып, автордың ішкі жан-дүниесін
сипаттап жаз.
Шәкәрім жеті жасында өлең шығарып жаза бастаған. Әкесі
қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай қыстаудың қасындағы
төбеде жалғыз отырып, тасқа өрмелеп бара жатқан жұлдыз
құртты езіп өлтіріп алады. Сол кезде оған жаны ашып,
жетімдігі есіне түсіп, «құрт» болып өлең шығарады. Жазған
өлеңінен ақындық көрген Абай оған өлеңді қалай жазу керек,
қандай өлең жазу керектігін айтып көп ақыл-кеңес берген.
Өлтірдің, онан таптың қандай пайда?
Өмір сүріп жүруші ем жазда сайда.
Жетімдік қандайлығын көзің көрді,
Кешегі тірі жүрген әкең қайда?!
Менің де жетім қалды балаларым,
Олар да жылайды аңсап аналарын.
Өзің жетім, жетімді аясаңшы,
Жоқ екен басыңда ми – саналарың.