1-тапсырма Көрнекті ағартушы Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ»
еңбегінен алынған үзіндіні оқып, өз түсінігіңді жаз.
...Менің ойыма бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында
тұнып тұрып, шөп шалам түсіп, лай-қоқым болса, адам мен хайуан
мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып, тазаланып
тұрғаны үшін ынтық болады.
Олай болса, жазудың мағынасы: көңіліңді, бойыңды осы
бұлақтай таза сақта: бұлаққа қарасаң, күн түссе күннің, шөп түссе
шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол сияқты сыртқа ашық көрініп
тұрсын дегені ме деймін.