1-тапсырма Мәтінді оқы. Мәтіннен түйінді сөздерді теріп жаз.
Көңіл жомарттығы
Көңілді кең ұстау, барға қанағат ету, шүкіршілік
қылу. Қызғаншақтық пен орынсыз бәсекеден аулақ болу.
Барлық адамдарға жақыным
деп қарау. Кеңпейіл,
кешірімді болу. Басқаларға үнемі жақсылық, қуаныш,
бақыт-байлық қонса екен деп ойлау. Басқаларға жол беру,
қол беру сияқты ізгі қасиеттер «көңіл жомарттығы» деп
есептеледі.
Өнегелі кісілер перзенттеріне: «Кең болсаң
болмайсың», «Ақпейілдің аты арып, тоны тозбайды» деп
көңілі жомарт адамдардың ешқашан жамандық
көрмейтіндігін жанды мысал, жарқын бейнелер арқылы
мұқият түсіндіріп отырған. Ұрпақтарының ақкөңіл,
ашық, жомарт азамат болып өсулеріне көңіл бөлген.
Көңілі кең, жомарт адамның досы көп болады.