Прослушав кюй сарыарка напиши как ты понял этот кюй​

SoktoevTimur SoktoevTimur    2   27.08.2020 07:19    1

Ответы
бог20031 бог20031  27.08.2020 20:01

Әлі түс болған жоқ, бірақ даланың ыстық күні ауаны қыздырып, күйдіріп тұр. Тып-тыныш жолмен келе жатқан жай, бірқалыпты ат тұяғының дыбысы естіледі. Құлағын қайшылап келе жатқан ат ер үстіндегі адамды тыңдап келе жатқан сияқты. Ер үстіндегі кісі анда-санда артына қарағаны болмаса, самарқау. Иықты, маңдайы кең, бет әлпеті ірі салт аттының үстінде ыстыққа қарамастан, түйе жүнінен жасалған қалың күпі, тері шалбар және малақай киген. Арқасына мылтық ілген, ал алдында қапқа салынған домбыра бар. Ол Сары-Арқа жаққа бағыт ұстаған, түске таман жасыл алаңқайға келіп жетті. Атынан түсіп, кең алақанымен оның маңдайынан сипап, шілдерлеп жайылуға жіберді. Қимылсыз ауыр ойға батқан жолаушы көкжиекке қарап ұзақ отырды, сонан соң, ұйқылы-ояу кейіппен домбыраны қолына алып, жайлап тарта бастады. Даланы домбыра үні кернеді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Музыка