Шң әрқайсысында 10 асықтан болды. ойын аяқталған соң олар асықтарын санады. кішісі былай дейді: – мен аздап ұтылып қалдым. егер оң қалтамнан 1 асықты алып, сол қалтама салсам, екі қалтадағы асықтардың саны тең болады. ал егер сол қалтамнан 1 асықты оң қалтама салсам, онда сол жақта оң жаққа қарағанда 3 есе кем болады. үлкені: – сенің асықтарыңның саны менің ұтып алғаныммен тең болады, – дейді. ортаншысы: – менің қалған асығымның саны үлкен ағамның ұтып алған асығының жартысына тең, – дейді. олардың әрқайсысында қанша асықтан болды?