Өлеңді оқып, жаттап алыңдар. Есімдіктерді қатыстырып, өлеңде айтылған ой туралы пікір жазыңдар. Теңізге мынау қарашы, Жетпейді көздің шарасы. Кеткендей боп тұр астасып, Аспан мен жердің арасы. Мұнда жоқ кінә-кек деген, Мұнда жоқ шет пен шек деген. Сан бақыт мұнда бүршіктеп, Сан мұрат мұнда көктеген. Оған жат қайғы-қасірет, Айтары – ерлік, өсиет. Теңіздің теңіз екенін Тану да үлкен қасиет. (Төлеген Айбергенов)