Конспект: Математика пәні бойынша 5 сынып оқушыларына тірек конспектісі
4 – тоқсан 22.04.20ж
Сабақ нөмірі: №140
Сабақтың тақырыбы: Транспортир. Бұрыштарды өлшеу және салу.
Сабақтың мақсаты: •Транспортирдің көмегімен бұрышты өлшеуді және берілген бұрышқа тең бұрышты салуды үйренеді.
Бұрышты өлшеу.
Бұрыштар транспортирдің көмегімен өлшенеді. Транспортир бөліктерге бөлінген. Оның ең кіші бөлігі жазыңқы бұрышты тең 180 бөлікке(бұрышқа) бөлгенде шығатын бұрышқа сәйкес келеді. Сонда ең кіші бөлікке 1 градус сәйкес келеді.
1 градус 10 белгісімен жазылады.
Сонымен қатар транспортирде 00 –ден 1800-қа дейін әрбір 100-қа тең бұрыштар белгіленген және үлкею жарпты шеңбердің сыртында солдан оңға қарай, ішкі жағында оңнан солға қарай берілген.
Анықтама:Жазыңқы бұрыш 1800-қа тең.
Бұрышты өлшеу үшін:
Мысалы(3-суретте), 1. АОВ бұрышын өлшеу үшін транспортирдің ортасын (транспортирде ол сызықпен көрсетілген) бұрыштың төбесі О нүктесіне қоямыз.
2. Бұрыштың бір қабырғасы, ОА сәулесі транспортирдің нөлдік белгісінен өтуі керек.
3. Сонда бұрыштың екінші қабырғасы – ОВ сәулесі өлшенетін бұрыштың градустар санын көрсетеді.Яғни, 3-суретте АОВ бұрышы 500,
оны АОВ = 500
3-сурет
. Бұрышты салу.
Мысалы, АОВ = 600 бұрышын салайық. Ол үшін
1) бұрыштың төбесін О әріпімен белгілейміз;
2) ОА сәулесін жүргіземіз(4.1-сурет);
3) транспортирдің ортасы О нүктесінде, ал ОА сәулесі 0 санына сәйкес бөліктен өтетіндей етіп орналастырамыз(4.2-сурет);
4) транспортирдің жартылай шеңберінің ішкі жағынан 600-ты тауып, оған қарама –қарсы В нүктесін белгілейміз(4.3-сурет)
5) ОВ сәулесін жүргіземіз.(4.4-сурет)

4.1-сурет 4.2-сурет 4.3-сурет
4.4-сурет

Тапсырмалар:
1. Сағат тілі 1) 3 сағ-ты, 2) 2 сағ-ты, 3) 5 сағ-ты көрсеткенде, оның минуттық және сағаттық тілдерінің арасындағы бұрыш неге тең? Суретін салып бұрышты белгілеп жаз.
2. Суреттегі АOB = 500, BOC = 700. AOB бұрышының биссектрисасымен BOC бұрышының биссектрисасының арасындағы бұрыштың градустық өлшемін табыңдар.

ВС

А​О

millizza11 millizza11    1   22.04.2020 10:49    3

Другие вопросы по теме Математика