Көлемі 10 литр болатын цилиндр пішінді ыдыстың биіктігі 32 см-ге тең. Цилиндр пішінді ыдыс түбінің диаметрін тап. Жауабын бүтін санға дейін дөңгелекте
Цилиндрдің осьтік қимасының ауданы π/2-ге тең. Цилиндрдің көлемін тап.
Радиусы R-ге және биіктігі h-қа тең цилиндрдің көлемін тап:
А) r=3 м, h=5м.
Ә) r=10 м, h=7м.
Б) r=6 м, h=14 м.
Цилиндрдің осьтік қимасының қабырғалары 0,6 см-ға тең квадрат. Цилиндрдің көлемін тап.
Теннис добының диаметрі – 6,35 см. Теннис доптары цилиндрлік банкіде төрт-төрттен жиналған. Банкінің көлемін тап (жауабын бүтін санға дейін дөңгелектеп бер).