Есептер 1. Қос-қостан алғанда он қиылысу нүктесі болатындай бес түзуді кес-
кіндеңдер.
2. Түзудің бойында: а) 3 нүкте; ә) 4 нүкте; б) 5 нүкте; в)* пнүкте бел-
гіленген. Төбелері осы нүктелерде болатын неше кесінді бар болады?
3. Түзудің бойында АВ = 3 см, ВС : 5 см, CD 4 см болатындай
тізбектелген үш кесінді орналастырылған. АВ және СD кесін-
ділерінің орта нүктелерінің арақашықтығын табыңдар.
4. Бір нүктеде қиылысатын п түзу жазықтықты неше бөлікке бөледі?
5. Қиылысқан екі түзу арқылы құрылған үш бұрыштың қосындысы
306°-қа тең. Олардың ішіндегі ең үлкен бұрыштың мәнін табыңдар.
6. ОС сәулесі АОВ бұрышының ішінде орналасқан және АОВ бұрышы
120°-қа тең. Егер AOC бұрышы BOC бұрышынан 30°-қа кем болса,
онда оның мәнін табыңдар.
7. Егер екі сыбайлас бұрыштардың біреуі екіншісінен екі есе артық
болса, онда олардың градустық өлшемдерін табыңдар.