Бір қоймада 120 т, екіншісінде 72 т көмір болды. Күн сайын бірінші қоймадан 6 т, екіншісінен 2,4 т көмір әкетілді. Неше күннен кейін екінші қоймаға қарағанда бірінші қоймада 1,5 есе артық көмір қалады? 5) Балықшы моторлы қайықпен балық аулауға шығып, ол жолға өзен ағысымен сағат, ал ағысқа қарсы одан 28 минут артық уақыт жұмсады. Егер қайықтың тынық судағы жылдамдығы 16,5 км/сағ болса, онда өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.
6) Саяхатшылар белгіленген маршрутты үш күнде жүріп өтті. Олар бірінші күні белгіленген маршруттың 35% -ін жүріп өтсе, екінші күні бірінші күнге қарағанда 3 км артық жүрді, ал үшінші күні қалған 21 км ді жүріп өтті. Маршруттың ұзындығы қандай?
7) Екі пристаньның арасын өзен бойымен қайық бір бағытта 4 сағатта жүзіп өтсе, оған қарсы бағытта 8 сағатта жүзіп өтеді. Өзен ағысының жылдамдығы 5 км/сағ. Екі пристаньның ара ара қашықтығы қандай?