837. Берілген теңдеулерді шешіп, әлемнің жеті кереметі туралы мағлұмат аласыңдар.
1) х. 103 = 2 : 106 теңдеуінің түбірі біздің заманымызға
дейінгі Мысыр пирамидалары салынған ғасырды;
2) 1000 – х = 570 теңдеуінің түбірі біздің заманымызға
дейінгі Галикарнастағы Мавзолей салынған ғасырды;
3) 99x = 693 теңдеуінің түбірі біздің заманымызға дейін
Эфесте Артемида храмының салынған жылын;
4) 8280 : х = 2070 теңдеуінің түбірі біздің заманымызға
дейін Олимп жерінде Зевс мүсінінің салынған жылын;
5) х + 450 = 1000 теңдеуінің түбірі – біздің заманымызға дейін
Вавилондағы Семирамида аспалы бағы салынған ғасырды;
6) x: 73 = 4 теңдеуінің түбірі біздің заманымызға дейін
Родостағы Гелиос мүсінінің салынған жылын;
7) x - 188 = 92 теңдеуінің түбірі біздің заманымызға дейін
Александрия маягінің салынған жылын көрсетеді.

кімде бар ответь жазңдарш​

angelicafifa angelicafifa    3   14.01.2021 12:55    33

Ответы
Fgrtpo Fgrtpo  14.01.2021 13:00

1.Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.

2.Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.

3.Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған.

4.Олимпиадағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған.

5.Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.

6.Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Родос алабы, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылы жер сілкінісі кезінде қираған.

7.Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Математика