Түсініп оқы дарқан жер
Балақандар, біл, таныс,
Басын бұрып Күнге алыс
Өскен мынау күнбағыс,
Ұзынтұра бұл нағыз,
Егіп қойды мұны кім?
Жердің бұлар күні-түн
Шырынын сорып ала алар,
Сол үшін екті адамдар.
Мынау өскен қарбыздар
Піскен кезде жарғызар.
Егіп қойды мұны кім?
Жердің бұлар күні-түн
Суын сорып ала алар,
Сол үшін екті адамдар.
Мынау өскен сарымсақ,
Тез шығатын барын сап.
Егіп қойды мұны кім?
Жердің бұлар күні-түн
Ащысын сорып ала алар,
Сол үшін екті адамдар...
Мынау өскен жусандар,
Сыпырғыш қып бусаңдар.
Егіп қойды мұны кім?
Жердің бұлар күні-түн
Хош иісін сорып ала алар,
Екпесе де адамдар...
Жерден қажет алар нәр,
Өсімдікті табар әр,
Қолданып сан амалдар,
Данышпан ғой адамдар!
Өлеңнің соңғы шумағын оқып, негізгі ойды түсіндірме.