«Мен ұлы дала перзентімін» эссе

Svetik2982 Svetik2982    3   06.10.2020 02:53    114

Ответы
даня7345985 даня7345985  06.10.2020 06:01

Иә, мен – ұлы дала перзентімін. Қазақтың кең байтақ даласын мекендеген ежелден еркіндік аңсаған бабалардың ұрпағымын. Қазақ елі өзінің егемендігі жолында тар жол, тайғақ кешулерден өтті. Сол себепті қазір біз үшін тәуелсіздік – ұлы мереке.

Тәуелсіздіктің тарихына үңілейікші. 1991 жыл 16 желтоқсан - Қазақстан тарихына Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні. 1992 жылы еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданды. Біріккен ұлттар ұйымына кіріп, әлем елдерімен бейбіт қарым–қатынас жасауға кең мүмкіндік алды. Мемлекетіміздің рәміздерінің, Ата заңының қабылдануы да алғашқы қадамдардың бірі болды.

Н.Ә.Назарбаев Астанаға көшуге ұсыныс жасады. 1997 жылы Қазақстаннның астанасы Ақмола болып жарияланды 1998 жылы Ақмола аты Астана болып ауысты. Ал қазіргі Астан – Арман қала, біздің мақтанышымыз, Қазақстанның жүрегі.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Литература