Ереуіл атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай, еңку-еңку жер шалмай, қоңыр салқын төске алмай, тебінгі терге шірімей, терлігі майдай ерімей, алты малта ас болмай, өзіңнен туған жас сақалы шығып жат болмай, ат үстінде күн көрмей, ашаршылық, шөл көрмей, өзегі талып ет жемей, ер төсектен безінбей, ұлы түске ұрынбай, түн қатып жүріп, түс қашпай, тебінгі теріс тағынбай, темір қазық жастанбай, қу толағай бастанбай ерлердің ісі бітер ме? махамбет өтемісұлының өлеңі.керемет өлең!