М.Жұмабаевтың талантына сүйсініп, В.Я.Брюсов оны «Қазақтың Пушкині» деп атады. Ақынның жан-жақтылығына Брюсов: «Оның поэзиялы таланты жоғары, табиғаттан дарыған. Оған оса математикадан, музыкадан, бейнелеу өнерінен білімінің тереңдігі ғажап!» – деп таңырқаған. Сендер қандай ой қосар едіңдер? 6 (7)-тапсырма. «Ойлаудың алты қалпағы» әдісі арқылы өз көзқарастарыңды білдіріңдер. «Ақ қалпақ» (проблемаға қатысты деректерді талассыз келтіреді);