Б.Момышұлының «Ұшқан ұя » романынан үзінді алынған.Оқығаныңды еске түсір. Кейіпкер әжесіне не айтқысы келді? Ол сөзінің қандай маңызы бар еді? Кейіпкердің осы әрекеті немен бітті? «Үй іші қоңыр салқын екен. Әжем қос сабаумен тулақты кезек-кезек тарсылдатып жүн сабап отыр. Сабау дыбысына құлақ тоссаң, әлдебір әуен сазын ойнағандай сезіледі. Екі әпкем мен жиен қызымыз біреуі жүн тасып, екіншісі тулаққа төсеп, үшіншісі ұршық иіріп көмектесіп жүр... Мен дүниені көшіріп жіберердей ентелей келіп, әжемнің иығынан сілкілей беріппін:» Ойыңды «Төрт сөйлем» тәсілімен жаз. [4] 1. Пікір Мәтін бойынша туындаған өз пікіріңді бір сөйлеммен жаз. 2. Дәлел Келтірген пікіріңді бір сөйлеммен дәлелдеп жаз. 3. Мысал Өз дәлеліңді негіздеп кету үшін 1 сөйлеммен мысал келтір. Мысалды өз өміріңнен ал. 4. Қорытынды Қорытынды шешіміңді бір сөйлеммен жаз.