Академик-жазушы М.Әуезов руна жазуындағы ескерткіштердің мазмұны мен сипаты туралы айта келіп, былай деп жазды: «Олардың мазмұнында эпостық баяндау сазы басым, аңыздың көркемдік түрі де соған орайлас. «Күлтегін», «Тоныкөк» жазуларында қанша адам, қанша ерлік бейнеленген десеңізші?! Оларда әр алуан рулар мен тайпалардың кескілескен шайқастарының, соғыс суреттерінің, батырлар ерлігінің, жорықтардың шежіресі бар».