6) Неге екені белгісіз, атасының әңгімесі қызықтырады, өзі де ауылға құмар. Сөйлемдегі меңгеріле байланысқан тіркестің басыңқы сыңары жұмсалып тұр: •
А) пысықтауыш қызметінде
•
Ә) анықтауыш қызметінде
•
Б) толықтауыш қызметінде
•
В) бастауыш қызметінде
•
Г) баяндауыш қызметінде
7) Үйірлі анықтауышы бар сөйлем:
•
А) Кітабы барлар бері шықсын.
•
Ә) Ағасы бардың жағасы бар
•
Б) Айбек өзі жоқта сұрап алған екен.
•
В) Білгенінің бәрін жайып салды.
•
Г) Түсі игіден түңілме
8) Жалғау жалғану реті кейде нормадан ауытқиды:
•
А) Тек жіктелмейтін, сирек қолданыстағы зат есімдерде
•
Ә) Тек жіктелетін, алайда көне атауға қатысты зат есімдерде
•
Б) Тек туысқандық қатынасты білдіретін зат есімдерде
•
В) Тек аспан денелері атауына қатысты зат есімдерде
•
Г) Тек табиғат құбылыстарына қатысты зат есімдерде
9) Жалаң есімше мен шылаудың тіркесуі арқылы байланысқан мезгіл бағыныңқылы сабақтас:
•
А) Қорландар далаға шыққанда, Шолпан туыпты.
•
Ә) Ауылға барғаннан кейін, жаңа өмір басталғандай болды.
•
Б) Барлығы тамақтанып болғаннан соң, ортаға қымыз қойылды.
•
В) Сабақ біткен соң, барлығымыз тест тапсырмаларымен жұмыс жасаймыз.
•
Г) Терісі жұмсақ болған соң, қоянды көп аулай қоймаймыз.
10) Бұл жолы көрудің сәті түспесе, кейін келерсің. Сөйлемдегі «кейін» сөзіне сай нұсқаны белгілеңіз:
•
А) үстеу
•
Ә) сын есім
•
Б) есімдік
•
В) етістік
•
Г) шылау