12-15 беттегі Қорқыттың «Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жырын» тағы бір рет мұқ ият оқы.
1-жағдаят. Жырдағы қызбен күресу салты. Бамсы- Байрақтың Бану-Шешекпен танысуы. Қыз артынан іздеп келген жігіттің бесіктен атастырған күйеуі екенін білген соң, өзін алу үшін үш шарт қояды. Бірінші, екеуі ат жарыстырады, екінші, мергендік сайысына түседі. Соңында екеуі күреске түседі.
Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, бұл матриархат дəуірінің көрінісі ме əлде ата салтымыз ба?
2-жағдаят. Оғыздар заманында жігіт үйленер болса, əуелі садақтан оқ атып, сол оқ түскен жерге қалыңдық шатыры тігілуші еді. Байрақ та сондай оқ атты. Сол оқтың барып түскен жеріне оңаша отау тігілді. Сұрақ: Бұл дəстүр бүгінгі күні сақталған ба? «Қыз Жібек» фильмімен байланыстыра отырып тұжырым жасаңыз.
3-жағдаят. Дастанда құдалық, қалың мал беру жөнінде əңгімелер кездеседі. Айталық, Бамсы-Байрақ Бану- Шешекпен кездесіп уəделескеннен кейін, Байбөрі құдалыққа сөйлесуге, оғыз бектерінің ұйғарымы бойынша, Қорқыт атаны жібереді.
Сұрақ: Не себепті құдалықты келісуге Қорқыт атаны жібереді? Қазірге кездегі үйлену дəстүріне ой жүгіртіңіз