1-тоқсан 1-ші сабақ §1 Пәннің атауы: Дүние жүзі тарихы 7-сынып Сабақтың тақырыбы: Курсқа кіріспе .Жаңа заманның басталуы. Сабақтың мақсаты: Қоғамның индустрияға дейінгі және индустриялық даму кезеңдеріндегі айырмашылықтарын салыстырып, өркениетті қоғамның маңызын көрсету Сабақтың барысы: Қысқаша конспект Балалар биылғы оқу жылында дүниежүзі елдеріндегі жаңа заман кезеңінің басталуы мен капиталистік қатынастардың орнығуымен танысамыз.Жаңа заман XVI-XIX ғасырлар аралығы ұлы географиялық ашылулар заманынан бастау алып, XX ғасырдың басындағы Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі кезеңді қамтиды. Еуропадағы тарихи-философиялық ойдың дамыған қайта өрлеу "ренессанс" кезеңінде пайда болған жаңа заман кезеңі екіге бөлінеді: 1.XVII ғасырдағы ағылшын буржуазиялық революциясы мен XVIII ғасыр арасы; 2. XVIII ғасырдағы француз революциясы одан кейінгі индустриялы қоғамға өту -XX ғасырдың басына дейінгі кезең; Капиталистік қатынастар батыста дамып Еуропа елдерінде біртұтас мемлекеттер қалыптасып, басқарудың билік түрлері өзгерді, парламенттік демократия қалыптасты.Өнеркәсіп төңкерісінен кейінгі индустрияға аяқ басқан қоғамда жеке меншік, жеке адамның бостандығы басты құндылық болып есептелінді. Халықаралық қатынастардың жалпыеуропалық кейін дүниежүзілік жүйесі орнықты. Адамзаттың ұлы жетістіктері-жазу,сызу,өнер,мемлекет,жер суландыру Шығыста пайда болса да,аграрлық өркениет біртіндеп индустриялық өркениетке ауысып отаны - Англия болып саналды.Өнеркәсіп төңкерісінің техникалық және әлеуметтік жақтары болды.1662 жылы Лондонда ағылшын Ғылымдар академиясының ролін атқарған Корольдік қоғам құрылды. XVIII ғасырда бастауыш білім берудің жетілдірілген жүйесі,кәсіпкерлерді даярлау үшін өнеркәсіптік орталықтарында орта мектептер пайда болып өнертапқыштық ойдың дамуына қажетті жағдайлар қалыптасты.Мемлекеттің экономикалық саяси өміріне еңбекқор,белсенді жаңа буржуазия табымен бірге орта тап өкілдері қалыптасты.Орта тапқа өнертапқыштар, инженерлер, дәрігерлер, оқытушылар, офицерлер,заңгерлер бірікті.Жұмысшы таптың құрамы,әлеуметтік жағдайы әртүрлі болды.Техникалық білімі бар,білікті мамандар кеңсе қызметкері, шебер, басқарушы қызметтерімен жұмысшы аристократия тобын құрады. Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар: Салыстырмалы кестені толтыру Термин сөздермен жұмыс Аргумент келтіру Сабақты қорытындылау: Балалар! Төменде берілген тапсырмалардың 2-3-уін өз таңдауларың бойынша орындаңдар. 1-тапсырма. Шығыс өркениеті Батыс өркениеті 2-тапсырма. Индустрия Жұмысшы аристократиясы Аграрлық өркениет Мемлекет Парламенттік демократия Академия 3-тапсырма. Англияда индустриялық қоғамның дамуының басты себептерін сипаттау (3-5 аргумент келтіріңдер) 1.Аграрлық төңкерістің өнеркәсіп төңкерісінен ерекшелігі неде ? 2.Буржуазия, орта тап, пролетариат диктатурасы қандай қасиеттерімен ерекшеленеді? 3.Аристократияның буржуазиямен қосылуына жаңа таптың қалыптасуына қандай жағдайлар себеп болды ? Үйге тапсырма: § 3 оқуға. Батыстағы өнеркәсіп төңкерісінің әлемді өзгертудегі ықпалын сипаттау.

Alex96xelA Alex96xelA    2   02.09.2020 15:51    25

Ответы
Jora2001Voronov Jora2001Voronov  15.10.2020 16:42

3-тапсырманы өзін істей аласын деп ойлаймын


1-тоқсан 1-ші сабақ §1 Пәннің атауы: Дүние жүзі тарихы 7-сынып Сабақтың тақырыбы: Курсқа кіріспе .Жа
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Литература