1-тапсырма. Мәтінді оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңдер.
Ғылым мен технологиялар біздің өмірімізді механизмдерге, құрылғыларға және аспаптарға толтырды. Бар-жоғы бірнеше он жыл бұрын СD-плеерлер, спутниктік теледидар, ойын қосымшалары болмады дегенге сену қиын. Техникалық прогресс керемет жылдамдықпен алға жылжуда, неғұрлым жетілдірілген және тиімді техникалар пайда болуда.
Технологиялар қолданыстағы нұсқаларды ескіртіп, жиі жаңарады. Мысалы,
50 жылдан астам уақыт музыкалық жазбаларды ойнату үшін винильді дискілер пайдаланылды. Магнитті таспалар бірнеше жыл қолданылды. Осыдан 30 жыл бұрын эстафетаны компакт-дискілер қабылдап алды. Дыбысты электронды микро чиптерге сақтайтын МР3-плеерлердің пайда болғанына 20 жылдай уақыт болды.
Электроника – ғылымның өте тез дамып келе жатқан салаларының бірі, ал электронды чиптер барған сайын кішірейіп, тез және өндіргіш бола бастады.
Технологиялар әлемі тез және неғұрлым тиімді механизмдерді жасауды жалғастыруда. («Сұрақ және жауап» энциклопедиясынан).

1.Өміріміздің механизмдерге, құрылғыларға және аспаптарға толуы туралы не ойлайсыңдар?
2.Адам істейтін жұмыстың бәрін техникалық құралдардың атқаруы неге әкеп соғуы мүмкін?
3.Елу жылдан кейінгі өмірді қалай елестетесіңдер?

nataliinfp0co9o nataliinfp0co9o    2   13.05.2020 17:25    7

Другие вопросы по теме Литература