1. Төрде отырған әкесінің алдына

Маң-маң басып барды да,

Алтын жіппен әдіптелген жағасы

Сұр ішікті тастай салды баласы... қай шығармадан алынған үзінді?

А) Т.Медетбек "Тәуелсізбін" өлеңі В) М.Жұмабаев "Батыр Баян" поэмасы

С) М. Шаханов «Нарынқұм зауалы» шығармасы

Д) Қ.Қайсенов "Жау тылындағы бала " шығармасы [1]

2. «Қонақтар» шығармасындағы басты көтерілген мәселе қандай?

А) ұлттық тілді құрмет тұту В) баланың ата-ана, туған жер алдындағы парызы

С) ата-ана сағынышы мен арманы Д) дұрыс армандай білу қажет [1]

3. А. С. Пушкин «Ескерткіш» өлеңінде неге сенім білдіреді?

А) өлеңі арқылы есімінің өшпейтіндігіне В) халқының сүйікті ұлы болатынына

С) келешекте алып ескерткіш орнататынына

Д) орнатқан ескерткішінің Александр мұнарасынан биік болатынына [1]

4. –Ой, көке-ай, мені бір баласырап барады деп ойлайсың ба? Орыс мектебінің жоқ екенін айтып отырмын ғой. Әйтпесе... Берілген сөз тізбектері арқылы автор қандай мәселені алға тартып отыр?

А) балаға дұрыс білім беру В ) өзге тілді меңгеру қажеттігі

С) туған баласына көңіл бөлмеу Д) туған тілді құрметтемеу [1]

5. М. Темірбектің «Тәуелсізбін» өлеңінің негізгі идеясы қандай?

А) Елді бірлікке шақыру, тұтастыққа шақыру. В) Жастар - тәуелсіз елдің ертеңі, ұлт болашағы.

С) Тәуелсіздік - төккен қан мен асқақ арман жемісі.

Д) Тәуелсіздік туының астына біріккен халықтың асқақ арманы. [1]

6. Т. Әбдіковтің «Қонақтар» шығармасындағы Ерғабыл шалдың баласына не себепті көңілі толмады? Ойыңызды жеткізіңіз (3-4 сөйлем). [2]

7. «...Батырлығы жоқ адамнан Үлкен ақын шыққан емес ешқашан...» Келтірілген өлең жолдары арқылы Махамбет ақынға мінездеме беріңіз. Оған Махамбеттің іс-әрекеті арқылы дәлелдеме келтіріңіз (5-6 сөйлем). [2]

8. Неліктен Т. Әбдіков шығармасы «Қонақтар» деп аталған? Нақты дәлелдер арқылы өз көзқарасыңызды білдіріңіз (3-4 сөйлем). [2]

9. Пушкин «Ескерткіш» өлеңінде өз шығармасының кейін басқа тілдерде тарайтынына кәміл сенген. Оған қырағы ақынның қай сөздері мысал бола алады? Ойыңызды шығармадан үзінді келтіру арқылы жеткізіңіз (5-6 сөйлем). [2]

10. Тәуелсізбін! – Танып тұрмын өзімді. Ұшырамын қанат байлап сөзімді. Ешкім енді көкірегімнен итеріп, ешкім енді шұқымайды көзімді... - деген жолдардағы көркемдегіш тәсілдің қолданысын түсіндіріп беріңіз (3-4 сөйлем). [2]

11. "Ата- ананың қадірі" эссе жазыңыз (100-120 сөз). [5]

Garri14 Garri14    2   18.05.2020 11:18    20

Другие вопросы по теме Литература