Заттың молярлық массасы дегеніміз не

Лина5г Лина5г    3   19.11.2020 14:52    1

Ответы
TokOst TokOst  19.12.2020 15:00

Объяснение:

Заттың молярлық массасы және молярлық көлемі. Молярлық масса – заттың формулалық бірлігі молінің массасы. Ол заттың массасы мен мөлшері арқылы есептеледі: М = m / n

Молярлық масса г/мольмен өлшенеді. Кез – келген заттың бір молінде құрылымдық бірлігі бірдей саны болса, онда молярлық масса заттың салыстырмалы молекулалық (немесе атомдық) массасына пропорционал:

М = К . Мr

Мұндағы К – 1 г/ мольге тең пропорционалдық коэффициент. 126С көміртегі изотопының Аr = 12, ал атомның молярлық массасы 12 г/ мольге тең.

Демек, екі массаның сан мәні сәйкес келеді де, К=1 тең болады. Олай болса, г/мольмен берілген заттың молярлық массасы сан мәні жағынан салыстырмалы молекулалық( атомдық) массаға тең. Атомарлық сутектің молярлық массасы — 1,008 г / моль, молекулалық сутектікі – 2,016 г/ моль, оттектікі – 31,999 г /мольге тең.

Авогадро заңы бойынша қалыпты жағдайда кез – келген газдың молекулалар саны бірдей болса, олар бірдей көлем алады. Кез – келген заттың 1 молінде бөлшектер саны бірдей. Осыдан, белгілі температура мен қысымда кез – келген газ күйіндегі заттың 1 моль бірдей көлем алады. Қалыпты жағдайда, яғни 101,325 кПа атмосфералық қысымда және 273 К температурада 1 моль газ қандай көлем алатынын есептеуге болады. Мысалы, қалыпты жағдайда 1 л оттегінің массасы 1,43 г тең. Бір моль оттегінің көлемі 32 /1,43 = 22,4 л тең болады.

Демек, молярлық көлем дегеніміз заттың алатын көлемінің зат мөлшеріне қатынасын айтады. Қалыпты жағдайда кез – келген газдың молярлық көлемі 22,4 л/ мольге ( Vn = 22,414 л/мольге) тең.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Химия